Қазақстанның қай өңірінде жұмыс іздеген адам көп
Осы рейтингте Түркістан облысы көш бастаған
2025 жылдың қараша айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 101,1 мың вакансия жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оның 73%-ы біліктілікті талап ететін лауазымдар болды. Қазан айымен салыстырғанда жалпы вакансиялар көлемі 23%-ға, білікті мамандарға арналған ұсыныстар 26%-ға қысқарған. Үміткерлер де белсенділікті бәсеңдетіп, 101,3 мың түйіндеме ғана орналастырды (–11%).
Салалық динамика
Жалпы төмендеу байқалғанымен, кейбір секторларда өсім тіркелді:
- Тау-кен өнеркәсібі – +26% (1,7 мың вакансия)
- Әкімшілік қызметтер – +19% (2,3 мың)
- Ауыл шаруашылығы – +11% (8,3 мың)
- Тұру және тамақтандыру – +2% (1,8 мың)
Ең көп қысқарған салалар:
- Ойын-сауық және демалыс – –55% (2,4 мыңға дейін)
- Мемлекеттік басқару – –40% (5,2 мыңға дейін)
- Энергетика – –38% (2,4 мыңға дейін)
Төмендеу негізінен маусымдық факторларға, әсіресе жылыту маусымына дайындық жұмыстарынан кейін кадрларға сұраныстың азаюына байланысты.
Өңірлік жағдай
Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде төмендеу байқалды.
Ең көп қысқару:
- Батыс Қазақстан – –4,7 мың
- Жамбыл – –3,8 мың
- Атырау – –2,5 мың
Вакансиялар саны бойынша көшбасшылар:
- Түркістан облысы – 11,1 мың
- Астана – 9,3 мың
- Алматы – 7,2 мың
Бұл өңірлер барлық жарияланған вакансиялардың 25%-дан астамын құрады.
Сұранысқа ие мамандықтар
- Мейірбике/мейіргер – 1,9 мың
- Санитар – 1,8 мың
- Тәрбиеші – 1,5 мың
- Жүргізуші – 1,5 мың
Жалақы деңгейі
Ең жоғары ұсынылған жалақылар:
- Бас құрылысшы – 640 мың теңгеден
- Өндірістік учаске бастығы – 595 мың теңгеден
- Авиациялық диспетчер – 568 мың теңгеден жоғары
Ең жоғары жалақы күту деңгейі:
Пилоттар – орташа 1,9 млн теңге
IT-бөлім басшылары – шамамен 1,2 млн теңге
Бас геологтар – шамамен 1,2 млн теңге
Қараша айында Enbek.kz алаңында жұмыс берушілер мен үміткерлер белсенділігі маусымдық азаю кезеңіне өтті. Соған қарамастан, сұраныс пен ұсыныс құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ.