$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұралхан Көшеров Түркістан облысында қай салаға негізгі басымдық берілетінін атады

Сондай-ақ жайылым жерлердің мәселесі бойынша ұсыныстар дайындалғанын айтты 

Нұралхан Көшеров Түркістан облысында қай салаға негізгі басымдық берілетінін атады
Фото: gov.kz

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жұмыс бағыттарына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімнің айтуынша, облыстағы халықтың әл-ауқатын арттыруға, сапалы білім беруге және медициналық қызмет көрсетуге басты назар аударылып отыр.

Сонымен қатар, Нұралхан Көшеров өңірдегі жайылым тапшылығын шешу және пайдаланылмаған жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Берілген жоспар бойынша жұмыстарды жасап жатырмыз. Жайылым жер мәселесі – халық арасында талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Толық қамтамасыз ету қиындық тудырады, бірақ біз бұл бағытта нақты қадамдар жасап отырмыз», – деді әкім.

Оның айтуынша, мысалы Жетісай ауданында егістік жерлер басым болғандықтан, жайылымдық жер тапшылығы байқалады.

«Сол ауданның мал өсірушілеріне кооператив құруға ұсыныстар беріп жатырмыз. Жаңбырлатып суару техникасын қолдану арқылы қажетті өнімді үш рет алуға болады, сол сияқты малды қажетті астықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар», – деді Н.Көшеров.

Серіктес жаңалықтары