$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:38
Қоғам

Қазақстанда мереке қарсаңында қай бағыттарға қосымша пойыздар қосылады

Қосымша 30 мың жолаушы қатынайды деген болжам бар

Қазақстанда мереке қарсаңында қай бағыттарға қосымша пойыздар қосылады
Фото: Жолаушылар тасымалы

Қазақстанда желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында әдеттегідей пойыз билеттеріне сұраныс күрт артады. Осыған байланысты орын тапшылығы болмас үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясы қосымша пойыздарды жолға шығарады. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«20 желтоқсаннан қаңтардың басына дейін Алматы, Шымкент және Ақтөбе бағыттары бойынша қосымша пойыздар қатынайды. Біздің есебіміз бойынша, қосымша пойыздардың өзі 30 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді», – деді Ахметжанов үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, компания бар бағыттарды да күшейтеді.

«Қолданыста жүрген пойыздарға шамамен 600 қосымша вагон тіркейміз. Бұл тағы 30 мың билет деген сөз. Осылайша қолжетімді орындар саны маусымдық сұранысты толық жабатын деңгейге дейін артады», – дейді ол.

Ахметжанов биылғы қысқы маусымда билет тапшылығы болмайтынын атап өтті. Тарифтер өзгермейді, жолақы құны бұрынғы деңгейде қалады.

Серіктес жаңалықтары