$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:50
Қоғам

Ақшасы толық қайтарылуы мүмкін: Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттай ма

Көлік министрлігі әуе билеттерінің бағасы қандай жағдайда өсуі мүмкін екенін түсіндірді

Ақшасы толық қайтарылуы мүмкін: Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттай ма
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан Парламентінде қайтаруға болатын әуе билеттеріне көшу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Егер заң қабылданса, ұшақ билеттерінің бағасы өсетіні сөзсіз. Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, бұл мәселе халықаралық тәжірибені ескеретін терең сараптаманы қажет етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Егер барлық билет толықтай қайтарымды болса, бұл әуе тасымалы құнының өсуіне әкелуі мүмкін. Рейске келмей қалған жолаушыларға өтемақы төленеді, ал шығындар сол ұшақпен ұшқан адамдар арасында бөлінеді», – деді Ластаев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көптеген елдер аралас модель қолданылады: бір бөлігі – қайтарымды, ал бір бөлігі – арзан, бірақ қайтарылмайтын билеттер.

«Қайтарылмайтын тарифтерді толық алып тастау ұшақ билеттерінің қымбаттауына әкеледі, өйткені әуе компаниялары орындардың бос болып қалу тәуекелін ескереді. Бұл – заңды құбылыс. Егер билет толығымен қайтарымды болса, оның бағасы жоғары болады. Әуе компаниялары шығындарын өтеп отыруы керек, өйткені олардың басқа табыс көздері жоқ», – деп түсіндірді вице-министр.

Қазір министрлік осы мәселені депутаттармен, сала сарапшыларымен және халықаралық кеңесшілермен талқылап жатыр.

«Біз бір жағынан жолаушылардың мүддесін ескеріп, екінші жағынан тарифтердің негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін баланс табуға тырысамыз. Қабылданған шешімдер туралы қосымша хабарлаймыз», – деді Ластаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ұшақ билеті