$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:07
Қоғам

Қазақстанда ақылы жолдардың кейбір учаскелері тегін болады

Ақауы бар учаскелерден төлем алынбайды

Қазақстанда ақылы жолдардың кейбір учаскелері тегін болады
Фото: motor.kz

Қазақстанның ақылы жолдарында шамамен 350 шақырымға жуық ақауы бар учаске анықталған. Осыған байланысты бұл учаскелерде жүргізушілерден уақытша жол ақысы алынбайды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұмыс тобы талдауды аяқтады. Бүгінгі таңда ақылы жолдарда шамамен 350 шақырым ақаулы учаскелер анықталған. Барлық материал Автомобиль жолдары комитетіне жолданды», – деді Иманашев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл ақылы жүйе енгізілген барлық өңірдегі трассаларға қатысты.

«Елімізде жалпы 2 мың шақырымдай ақылы жол бар, олардың бір бөлігі төлемнен уақытша босатылады. Қазір учаскелер тізімін қалыптастыру және бұйрық дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Үкіметпен келіскеннен кейін бұл тізімді ресми түрде БАҚ арқылы жариялаймыз», – деп сендірді ол.

«ҚазАвтоЖол» басшысы жүргізушілер төлемнен жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, яғни уақытша босатылатынын нақтылады.

«Біз өзгерістерді қаңтар айынан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл учаскелер ақылы жүйеден шығарылып, келесі құрылыс маусымында жөндеу жүргізіледі. Пайдалануға берілгеннен кейін қайтадан ақылы болады», – деп атап өтті Иманашев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ақылы жол