$ 499.65  582.89  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:28
Қоғам

Қазақстанда балаларға ақшаны дұрыс жұмсауды үйрететін отандық мультфильм жарыққа шығады (ВИДЕО)

Анимациялық фильмді дайындауға Ұлттық банк те атсалысқан

Қазақстанда балалардың қаржылық сауатын арттыратын отандық мультфильм жарыққа шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандық мультфильмді Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық банк бірлесіп түсірген. Туынды балаларға ақша басқарудың негізгі дағдыларын үйретеді.

«Қаржы әлемі» – орман қалашығында өмір сүретін мектеп оқушылары туралы 12 бөлімнен тұратын мультсериал. Әр серияда Барыс, Арқар, Құлан, Сілеусін, Тиін, Сұртышқан, Кірпі сияқты кейіпкерлердің күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдаяттары көрсетіледі. Ақшаны дұрыс жұмсау, жинау, жоспарлау, еңбек ету қарапайым тілде түсіндіріледі. Сонымен қатар, алаяқтардан және қаржылық пирамидалардан сақтану дағдылары кейіпкерлердің тәжірибесі арқылы берілген», - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Мультсериал қазақ және орыс тілдерінде әзірленген. Сценарийін қаржы және білім беру саласындағы сарапшылар бірлесіп жазған.

Серіктес жаңалықтары