Қазақстанда фельдшерлердің жалақысы көтеріледі
Қазір есептеулер жүріп жатыр, дейді шенеунік
Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлердің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы вице-министр Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жалақыны көтеру үшін ережелерге қосымша өзгерістер енгізу бойынша талқылау жүріп жатыр. Бюджеттен қаражат бөлінген соң, нақты қаншаға көтерілетінін айтамыз. Келесі жылға жалақыны қосымша өсіру үшін шамамен 10 миллиард теңге қажет», - деді ол Мәжіліс кулуарында.
Естеріңізге салайық, биыл 8 қарашада Астанада тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, үйінді астында қалған адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем станциясы фельдшерінің басына кондиционер құлаған еді. Келіншек ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, араға 12 салып, 23 жастағы фельдшер қайтыс болды.