$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.11.2025, 17:29
Қоғам

Мәжіліс Құрылыс кодексін қабылдады: заңда не өзгереді

Құрылыс нысандарының кепілдік мерзімі ұзартылады

Мәжіліс Құрылыс кодексін қабылдады: заңда не өзгереді
Фото: istockphoto.com

Парламент Мәжілісі Қазақстанның Құрылыс кодексін екінші оқылымда қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов кодекстегі негізгі нормаларға тоқталды.

«Құрылыс кодексінің жобасы құрылыс саласында туындаған жүйелі проблемаларды шешуге бағытталған және адамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы, қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуді, құрылыс саласының барлық субъектісінің құзыреті мен жауапкершілігін арттыруды, сәулет шешімдері мен қала құрылысы құжаттамасын талқылауға жұртшылықтың қатысуын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде жіберілген заңбұзушылықтарға уақтылы ден қоюды және сейсмикалық аймақтарда жобалау және құрылыс салу ерекшеліктерін енгізуді көздейді», - деді ол төменгі палатаның жалпы отырысында.

Құжатты талқылау барысында депутаттар бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру үшін қала құрылысы кеңестерін құруды және қала құрылысын жоспарлау кезінде мәслихаттардың рөлін күшейтуді ұсынған. Ол мәслихаттардың өкілеттіктері кеңейтіледі.

Сонымен қатар, елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу мерзімін 20 жылға дейін бекіту, ал республика аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу бойынша да кемінде жиырма жыл беріледі. Сейсмикалық қауіпті аумақтарда құрылысқа қойылатын талаптарды қатаңдату және сейсмикалық микроаймақтандыру карталарын, қауіпті учаскелердің сел және көшкін карталарын міндетті есепке алу көзделген.

Бұдан бөлек, бір субъектінің «толық аяқталған» құрылысын іске асыру үшін «техникалық тапсырыс беруші» институтын енгізу қарастырылған. Тиісті инженерлік іздестірулерді орындамай жобалық құжаттаманы дайындауға және объектілердің құрылысын бастауға тыйым салынады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы процестер цифрландырылады.

Сондай-ақ құрылыс объектілерін жоспарлы түрде инспекциялау енгізіледі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысады және объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде өртке қарсы бақылау енгізіледі.

Бұған қоса, құрылыс объектілерінің кепілдік мерзімі – көтеруші конструкцияларға, шатырға, қасбеттерге және сыртқы қабырлағарға он жылға дейін ұзарту, құрылыс объектісіне бес жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Айта кетері, қазір кепілдік мерзімі – 2 жыл.

«Сондай-ақ депутаттардың бастамасымен елорданың аумақтық, көлік және қала құрылысы жоспарлауын интеграциялау бойынша түзетулер қабылданды. Бұл көше өткізу қабілеті мен жол қозғалысы қауіпсіздігін ескере отырып, көліктік жоспарлауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ілеспе заң жобасы аясында депутаттар әлеуметтік объектілерді, сондай-ақ тұрғын үй қорын жаңарту үшін авариялық және тозығы жеткен құрылыс объектілерін қайта жаңарту жөнінде түзетулер енгізді», - деді Әбенов.

Депутаттың айтуынша, жалпы Құрылыс кодексінің жобасы бойынша 2007 түзету және оған ілеспе заң жобасы бойынша 265 түзету келіп түскен.

Серіктес жаңалықтары