Жаңатаста ұстазға жаман сөз айтқан оқушының анасы ірі көлемде айыппұл төлейтін болды
Ол енді әкімшілік жаза ретінде 41 мың теңге айыппұл арқалады
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімге дөрекілік танытып, оны балағаттаған баланың анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды
Іс материалдарына сай, бала Жаңатас қаласының мектеп-гимназиясында білім алып жүрген. Ағылшын тілінің мұғалімі оған екінші сабаққа кір дегенде, бала дөрекілік танытып, ұстазға жаман сөз айтқан. Сабаққа кіруден мүлде бас тартқан.
«Осыған байланысты оның анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Сотта анықталғандай, бала биыл жыл басында да осындай тәртіп бұзған екен. Бала кінәсін мойындап, болашақта бұндай оқиғаға қайталанбайтынын айтып, уәде берген», - деп хабарлайды сот.
Осыны және отбасының материалдық жағдайын ескерген сот әйелге салынған айыппұлды 30 пайызға азайтып, 41 мың теңге көлемінде қалдырған.