$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:37
Қоғам

Қазақстандықтар бір жыл бұрын қайтыс болған баланың еміне әлі күнге дейін ақша аударып жүрген

Марқұм Диас ауыр дерттен көз жұмған

Қазақстандықтар бір жыл бұрын қайтыс болған баланың еміне әлі күнге дейін ақша аударып жүрген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы облысының тқрғыны Оңласын Асылбаеваның баласы бір жыл бұрын ұзаққа созылған аурудан көз жұмған. Алайда, бірнеше күн бұрын анасы әлеуметтік желіде марқұм баласының «ауырып, қиналып» жатқан видеосын көріп, шошып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Марқұм баланың әпкесі әлеуметтік желіні парақтап отырып, бауырының видеосын көргенде, шок күйге түскен. Түн ортасы екеніне қарамастан, бірден анасына телефон шалып, әлгі видеоларды көрсеткен.

«2025 жылы 18 қараша күні түн жарымда қызым телефон шалды. «Анашым, видеоны қарашы» деп марқұм ұлымның видеоларын жіберді. Қарасам, менің өліп қалған баламның атынан әлдекімдер сбор ашып отыр екен. Содан бері көз іле алмадым. Көзімді жұмсам, көз алдыма балам келеді. Ақша жинап жүрген қайдағы бір алаяқтар баламның жанына тыныштық бермей жатыр», - дейді көз жасын тоқтата алмаған ол.

Диас тірі кезінде отбасы оның өмірі үшін бар шамаларынша күрескен. Алты рет ота жасатып, тіпті, Түркияға дейін апарған. Бала бір жарым жыл ауырған. Анасы әуел баста балаға жергілікті дәрігерлер дұрыс диагноз қойғанда, кенжесі тірі қалады дегенге сенеді. Бірақ, өкінішке қарай бала бір жыл бұрын өмірден өткен.

Алматы облысының полиция департаменті марқұм баланың анасынан арыз қабылдаған екен. Редакция Диастың атын жамылып кім ақша жинағанын,  неше теңге жиналғанын, оны кімдер иеленгенін білу үшін департаментке қосымша сұрау салды.

Алаяқтар көбіне әйелдердің жаны жерінен басады

Қазақстанның қоғамдық даму институты жуырда ғана «әлеуметтік желілердегі көмек туралы әртүрлі жарияланымдарға» кімдер сенеді, кімдер сенбейді, кімдер ақша аударып, кімдер сондай посттарды таратады, лайк басады деген мәселені зерттеген.

Зерттеуде жазылғандай, «Қазақстанда ер адамдар қайырымдылық қорларының жұмысына күмәнмен қарайды (орта есеппен 10% сенбейді), ал әйелдер, керісінше, жиі сенеді (орта есеппен 7% сенеді)».

«Ер адамдар әйелдерге қарағанда, қайырымдылық қорларының қызметін тексеруге болады деп санап, объективті көрсеткіштерге сүйене отырып, сенім артады; әйелдер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі әртүрлі ақпараттарға көбірек сенеді», - деп жазылған зерттеу.

Жалпы, сауалнамаға қатысқандапды 20,7% «сбор» туралы материалдарға міндетті түрде лайк басады және репост жасайтынын айтқан. Респонденттердің 15% сәл астамы әрқашан ақша немесе қолда бар басқа көмегін беруге тырысады екен. Тағы 15% жағдайға байланысты кейде көмек беретін көрінеді.

Бірақ, ол ақшаның қай бөлігі шын көмекке мұқтажға, қаншасы өмірде жоқ адамдардың «атына» кететіні айтылмаған.

Серіктес жаңалықтары