15.12.2020, 12:42
Сайлау-2021
Саяси партиялардың сайлауалды дебатына кімдер қатысатыны белгілі болды
Елімізде 2020 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өтеді
30 желтоқсанда сайлау алдындағы саяси партиялардың телевизиялық пікірсайысы «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты.
Дебат «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Регламент бекітілді, ол бойынша барлық партияларға бірдей уақыт беріледі. Регламент бойынша телеарнадағы пікірталасқа 80 минут берілген.
Орталық сайлау комиссиясының «Хабар» агенттігінде телевизиялық пікірсайыстар өткізу туралы қаулысы қабылданды, пікірсайыстар өткізу регламенті келісілді, сондай-ақ кандидатуралары саяси партиялармен айқындалған телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың келесі құрамы бекітілді:
- «ADAL» саяси партиясынан – партияның саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев;
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан - партия төрағасы Азат Перуашев;
- «Ауыл» халықтық - демократиялық патриоттық партиясынан - партия төрағасы Әли Бектаев;
- Қазақстан Халық партиясынан - партия төрағасы Айқын Қоңыров;
- «Nur Otan» партиясынан - партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Көп оқылған
05.05.2026, 11:41
«Бәрін соттатамын»: танымал блогер оның ЖИ-видеосын таратқандарға шүйлікті (ВИДЕО)
Бүгін, 09:48
Тоқаев немістің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып кірген батырға «Халық қаһарманы» атағын берді
05.05.2026, 15:12
«Анасына оңай болған жоқ»: Солтүстік Қазақстанда бір үйдің үш ұлы бірдей әскерге кетіп қалған