$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Ақордада Пашинянді салтанатты түрде қарсы алды

Пашинян Қазақстанға кеше келген 

Тоқаев Ақордада Пашинянді салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Армения премьер-министрі Никол Пашинянді Ақордада салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдымен Тоқаев пен Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай залда сап түзеген құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президент пен премьер-министр отырыс залына кетті. 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен 20 қараша кешке келген. Шетелдік мейманды әуежайда Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов күтіп алған еді. 

Ресми сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

Серіктес жаңалықтары