21.11.2025, 09:45
Саясат
«Көңіл кейде қалай, қаламай»: Армения премьер-министрі Астанада өз стиліне тән видео түсірді (ВИДЕО)
Ол күнде таңертең әлеуметтік желісіне көңілді видео жүктейді
Фото: скриншот
Кеше Астанаға келген Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян бүгінгі таңын елорданың әдемі видеосымен бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде белсенді шенеунік желісіне «қайырлы таң» тілеген видеоларын салып жүреді. Қазақстанға құрмет таныта отырып бүгін ол таңғы видеосын қазақ тіліндегі әнмен бастаған.
Баянсұлу есімді әншінің «Ауа рай» атты әнін фонға қойып, Астананың жаңбырлы таңынан видео түсірген Пашинян қазақстандықтарға сәтті күн тілеген. Оның видеосы бір сағаттың ішінде қатты таралып, қазақстандықтардың ықыласына бөленіп жатыр.
Айта кетейік, бүгін ол Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді