$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент ақын Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Ол ақынның өлеңдерін оқырман аса жоғары бағалайтынын айтты

Президент ақын Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

«Күләш Ахметова бар ғибратты ғұмырын сәулелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге мол үлес қосқан халқымыздың аяулы ақыны еді. Нәзік қаламынан туған сыршыл өлеңдері, елдікті дәріптеген жалынды жырлары оқырман тарапынан аса жоғары бағаға ие болды. Өнегелі өмір сүріп, соңына әдеби бай мұра қалдырған Күләш Ахметованың есімі мен жарқын бейнесі ұмытылмайды», – делінген жеделхатта.

Айта кетсек, белгілі ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова өмірден озғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#көңіл айту #ақын