31.10.2025, 17:52
Саясат
Шұғыл: Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін атқарады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақорда жазғандай, Тасмағамбетов Тоқаевқа биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған.
Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді