30.10.2025, 17:30
Саясат
Бектенов әкімдерге жоспарды орындамайтын орынбасарларын жазалауды тапсырды
Премьер-министр кеңес өткізген
Фото: үкімет
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар жоспары жыл басынан бері небәрі 52,7% ғана орындалған, ал тікелей шетелдік инвестициялар бойынша көрсеткіш жартысына да жетпеген. Бұл туралы бүгін кеңес өткізген премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Үкімет басшысы кейбір өңірлерде инвестиция тартуға қатысты жағдай сын көтермейтінін атап өткен. Соның ішінде:
- Атырау облысы – негізгі капиталға инвестициялар бойынша 42,8%;
- Ұлытау облысы – ірі компанияларға тәуелділік жоғары (61,5%);
- Абай облысы – негізгі капиталға инвестициялар 70,4%, ал тікелей шетелдік инвестициялар бар-жоғы 26,2%.
«Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту ісімен күн сайын жеке айналысуы тиіс. Инвестиция болмаса – экономикалық даму да болмайды. Сол себепті әкімдерге көрсеткіштерді орындамаған орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын», – деді Бектенов.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды