Тоқаев қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Жоба утильалым қаражаты есебінен қаржыландырылып жатыр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, жоба утильалым қаражаты есебінен қаржыландырылып, несиелер жылдық 3% мөлшерлемемен берілуде.
Мемлекет басшысы елордадағы абаттандыру жұмыстары мен экологиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
«Астанада оң өзгерістер бар. Бірақ атқарылар іс әлі де көп», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сондай-ақ тек заманауи нысандар салу ғана емес, қалаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, вандализмге жол берілмеуі тиіс, ал ереже бұзушылар заң алдында жауап беруі керек.
«Басты міндет – қаланы жасылдандыру. Бұл тек орталықтағы немесе жақын аймақтардағы көшелермен шектелмеуі керек», – деп қосты мемлекет басшысы.