03.10.2025, 16:30
Саясат
Тараздың экс-прокуроры академияның ректоры болды
Осы Бас прокурор Берік Асылов таныстырды
Фото: https://academy-gp.kz/
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Құқық қорғау органдары академиясының ұжымына жаңа ректорды таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл қызметке 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды. Ол бұған дейін өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор», - деп жазған Асылов.
Айта кетейік, Нұрғалым Әбдіров Тараз қаласының прокуроры болған. Тағайындаудан кейін Берік Асылов академия алдына бірқатар маңызды міндет қойды. Оның ішінде:
- білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту;
- жасанды интеллектті тиімді пайдалану арқылы киберқылмыс пен өзге де заманауи қатерлерге қарсы тұра алатын сертификатталған прокурорлар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау;
- ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту;
- академияның ғылыми басылымдарының халықаралық деңгейде беделін арттыру;
- курсанттарда тәртіптілік пен мемлекетке адалдық сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыру;
- шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту.
«Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін», – деді Бас прокурор.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар