$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Конго президентіне: ұзақ жол жүріп Астанаға арнайы келуіңіз – қазақ еліне деген құрметтің көрінісі

Феликс Чисекеди Қазақстанға алғаш рет келіп отыр

Тоқаев Конго президентіне: ұзақ жол жүріп Астанаға арнайы келуіңіз – қазақ еліне деген құрметтің көрінісі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго демократиялық республикасының президенті Феликс Чисекедимен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ең алдымен Қазақстанға қош келдіңіздер деп айтқым келеді. Шақыруымды қабыл алғаныңыз үшін өзіңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл сіздің Қазақстанға алғашқы сапарыңыз, мұны тарихи сәт деп айтуға болады. Ұзақ жол жүріп үлкен делегациямен Астанаға арнайы келуіңіз қазақ еліне деген құрметтің көрінісі. Біз мұны жоғары бағалаймыз», - деді Тоқаев Ақордада.

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Конго демократиялық республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына үш жыл толған. Соған қарамастан өзара сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастық дамып жатыр.

«Бүгінгі келіссөздер Астана мен Киншаса арасындағы байланысты жаңа белеске көтереді, тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді. Конго демократиялық республикасы – Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі. Ал Қазақстан Орта Азияның дәл ортасында орналасқан, сондықтан біздің екі ел арасындағы қарым-қатынастың келешегі зор деп ойлаймын», - деді мемлекет басшысы.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекедиді салтанатты түрде қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.

Серіктес жаңалықтары