$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Ақордада Конго президентін салтанатты түрде қарсы алды

Феликс Чисекеди елімізге мемлекеттік сапармен келген 

Тоқаев Ақордада Конго президентін салтанатты түрде қарсы алды
Фото: скриншот

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекедиді салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдымен екі ел президенттері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай залда сап түзеген құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди отырыс залына қарай бағытталды.

Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланбақ.

Серіктес жаңалықтары