09.09.2025, 10:11
Саясат
Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бұл ел 1991 жылы 9 қыркүйек күні егемендік алған
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол», – делінген жеделхатта.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды