04.09.2025, 17:40
Саясат
Тоқаев Лиссабон орталығындағы апатқа байланысты Португалия президентіне көңіл айтты
Кеше қаланың орталығында фуникулер рельстен шығып кетіп, ондаған адам қаза тапқан
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апатқа байланысты Португалия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты», - деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды