$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Ақордада оқушыларға 5,8 млн теңгенің сертификаттарын таратты

Бұдан өзге президент оқушыларға 3,9 млн және 1,9 млн теңгенің сертификаттарын табыстады

Тоқаев Ақордада оқушыларға 5,8 млн теңгенің сертификаттарын таратты
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев алтын, күміс және қолда медаль алған оқушыларға қаржылай сыйақыларын табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ақорда хабарлағандай, президент халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге. Тиісінше, балалар 5,8 млн, 3,9 млн және 1,9 млн теңгеден астам сыйақыға ие болды.

Президентпен кездесуге 24 лауреат, атап айтқанда, 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегері келген. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен.

Президент жастарды, ең алдымен, білім әлеміндегі жеңістерімен құттықтап, шынайы ризашылығын білдірді. Олардың халықаралық беделді білім сайыстарында топ жарып, Қазақстанның атын әлемге паш етуін зор жетістік ретінде бағалады.

 

Серіктес жаңалықтары