$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2019, 12:51
Саясат

Ермұрат Бапи партиядан қалай шеттетілді?

Жиналғандар ЖСДП-ның бұрынғы белсенділігі төмендегенін айтып, саяси ұйымға жаңа басшыны ұсынды.

Ермұрат Бапи партиядан қалай шеттетілді?
Фото: qazaqtimes.com

Қоғам белсендісі Серікжан Есенғосов кеше фейсбуктегі парақшасында 6 қыркүйек күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен партияның республикалық жиыны өтетінін хабарлады. Жазбада жиынның өтетін уақыты 14.00 деп көрсетілгенмен, алайда съез отырысы сағат таңғы 10.00-де басталды. Жиналғандардың саны 50-60 адамнан асқан жоқ. Партияның аймақтардағы жетекшілері, Алматыдағы президум мүшелері мен журналистер қатысты.

Алдын ала тараған ақпаратта іс-шараның мақсаты – елдегі өзекті мәселелерді талқылау, саяси жағдайға қатысты пікір алмасу және демократиялық реформалар жөнінде ортақ ұстанымды айқындау деп көрсетілген.

Алайда күн тәртібіндегі басты талқылау төрағаны ауыстыруға арналды. Бұл «Ақиқат» ЖСДП партиясының  15-ші съезі.

Жиын басталған соң саяси ұйымның кейбір мүшелері Ермұрат Бапиды ашық айыптауға көшті. Оны партияға саяси күштерді тартуда әділетсіздікке барды, Президент сайлауы қарсаңында Парижге бір топ белсенділермен бірге барып, Әкежан Қажыгелдин және қашқын  Бергей Рысқалиевпен партияның рұқсатынсыз кездесті деп кінәлағандар табылды. Осы кезде залдан кейбір қоғам белсенділері шығып кетті. Оның ішінде Жанболат Мамай да болды.

Жиналғандар ЖСДП-ның бұрынғы белсенділігі төмендегенін айтып, саяси ұйымға жаңа басшыны ұсынды. Ал Ермұрат Бапи қолынан келгенше саяси ұстанымына адал болғанын, оған қарсы шыққандардың уәжі негізсіз екенін айтты. Бірақ дауыс беру нәтижесінде Бапи жұмысынан шеттетілді.

Жиында партияның бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай да төбе көрсетпеді. Саяси белсенді Уәлихан Қайсар бастаған бір топ азамат Ермұрат Бапиді қолдап, сөз сөйледі. Бірақ журналистерге берген сұқбатында партия жетекшісі бүгін қызметтен өзі де кетуге дайын болып келгенін, бірақ орнына Жанболат Мамайды ұсынғысы келгенін айтты. Алайда бүгіннен бастап партияны Асхат Рақымжанов басқаратын болып шешілді. Басым дауыс ажинаған жаңа төраға көпшілікке таныс емес. Ол бұған дейін саяси партияның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалын басқарған.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы.

Серіктес жаңалықтары