«Aiqyn» газетіне «Болашақ» түлегі бас редактор болды

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған

«Aiqyn» газетіне «Болашақ» түлегі бас редактор болды
фотода: Нұрай Оразов, Нұрмұхамед Байғараев, Әлібек Әлденей, Нұртөре Жүсіп

Бүгін «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей «NUR Media» холдингінің «Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газеті ұжымына жаңа бас редактор – Нұрмұхамед Байғараевты таныстырды.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Ол бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та тәжірибеге ие, сондай-ақ «Aiqyn» газетіне дейін «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Әр-түрлі жылдарда «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.  

Осыған дейін «Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп болды.

 

«Aiqyn» - 2004 жылдан бері жарық көретін белді қазақ тілді басылым. Газет аптасына 4 рет, жалпы таралымы 160 мың данамен шығарылады және Қазақстан аумағына жазылым арқылы таралады. Басылымның онлайн-нұсқасы – https://aikyn.kz.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.