$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2020, 14:17
Саясат

«Nur Otan» партиясының жаңа лигасына кімдер мүше бола алады

Лига туралы мәлімдеме жасаған саясаттанушы Ерлан Саиров осы сұраққа жауап берді

«Nur Otan» партиясының жаңа лигасына кімдер мүше бола алады

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ерлан Сайыров, Мұрат Әбенов,  саясаттанушы Эдауард Полетаев, блогер Бибигүл Дәулетбекқызы сияқты бір топ белсенді «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасын құрғанын хабарлаған болатынбыз.

Лига әлеуметтік әділдік, қоғамдық-саяси трансформация және экономикалық өрлеу атты үш бағытта жұмыс істеп, «бірінші – мемлекет, екінші – демократия» принципін негізге алмақ. Журналистер партия жақтастарының лигасына кімдер мүше бола алады және оған қосылып үлгерген азаматтар арасында ықпалды азаматтардан кім бар деп сұрады. Бұл сұраққа жауап берген Ерлан Сайыров  «Проблеманың себебін және сол проблеманы шешудің жолын білемін» деген кез келген азамат Лигаға қосыла алады дейді.

«Бұл – желілік лига.  «Біздің қатарамызда осындай адам бар, мүшелеріміздің саны осынша» деп, мәлімдеме жасай алмаймыз.  Және бізде ешқандай құрылым болмайды. Біз еркін, ашық түрде жұмыс істейміз. Сонымен бірге, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық саяси процестерге қатысты көзқарасы бар азаматтардың барлығы лигамызға өтініш беріп, өз ұсыныстарын айта алады. Қазір аймақтардан  ұсыныс түсіп жатыр, жақын арада олардың мәнімен таныстырамыз. Басқа адаматтардан ұсыныс түссе, қабылдаймыз және лиганың өзінде және оған қосылған азаматтарда қатып қалған принцип жоқ. Ең негізгі жұмыс – қордаланған проблеманы тауып, сараптама жасау және  сол проблеманы қалай шешуге болады деген ұсынысты  билік партиясына көрсету», - дейді Сайыров.

Серіктес жаңалықтары