$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2020, 14:44
Саясат

Қазақстанның саясатына жаңа адамдар керек – Полетаев

Саясаттанушы 15 маусымнан бастап праймериз бойынша арнайы оқу өтетінін айтты

Қазақстанның саясатына жаңа адамдар керек – Полетаев
Фото: ашық дереккөзден

Саясаттанушы «Nur Otan» партиясының алдағы праймеризі жаңа есімдерді шығаруға мүмкіндік беретінін айтады. 

«Nur Otan» партиясы жасақтарының лигасына қосылған саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, «Саясатта тек танымал адамдар ғана жүреді» деген стереотиптен құтылу керек. Оған партия жақтастарының лигасы мен алда болатын праймериз мүмкіндік бермек.

«Жалпы «Nur Otan» партиясы жариялап отырған праймериз – Қазақстан үшін жаңа электоратты институт. Және мен осы жаңа институт біздің қоғамға кірігіп кетеді деген үміттенемін. Партия таза, әділ сайлауға мүдделі. Өйткені, қазіргі заманға жаңа форматтағы, тың идеялы азаматтар, әсіресе, жастар керек. Қазақстандағы саясат тек таңдаулы азаматтардан ғана құрылмайтынын көрсету қажет», - дейді ол.

Саясаттанушы хабарлағандай, 15 маусым мен 17 шілде аралығында партияішілік іріктеу жүргізу үшін арнайы оқу өтеді.

«Оқу онлайн форматта өтеді, онда праймериз дегеннің не екенін білуге, оны қалай жүргізу керектігін үйренуге болады», - дейді Полетаев.

Жалпы, жиналысқа қатысқан сарапшылар Лига осы уақытқа дейін елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелеріне қатысты пікірталасқа араласа алмай жүрген азаматтарға мүмкіндік беріп отыр деді. Лига белсендісі Ерлан Сайыров ондағы өкілдердің тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы онлайн-форматта байланыста болатынын және карантинге байланысты көптеген сұрақтарын партияға тікелей келмей, онлайн форматта жеткізу мүмкін екенін айтты.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары