$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2020, 12:54
Саясат

Сайыров, Әбенов бастаған қоғам қайраткерлері «Nur Оtan» жақтастарының лигасы деген атаумен жаңа саяси қозғалыс құрды

Лига мүшелері бүгін өздерінің принциптері мен нақты қандай бағыттарда жұмыс істейтінін хабарлады

Сайыров, Әбенов бастаған қоғам қайраткерлері «Nur Оtan» жақтастарының лигасы деген атаумен жаңа саяси қозғалыс құрды

Қазақстанда «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы құрылып, оған мүше болған саясаттанушылар мен қоғам белсенділері бүгін Лиганың қандай мақсатта құрылғанын және ұйым нақты қандай бағыттарда жұмыс істейтінін жария етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайыров Лиганың құрылу себебін пандемиямен байланыстырды.

«Сөз басында әлемдегі пандемия туралы бекер айтқан жоқпын. Лига құрудағы негізгі себептердің бірі – пандемиямен байланысты. Қазір әлемде экономикалық  өзгерістер болып жатыр. Ол өзгерістерден Қазақстан сырт қалып жатқан жоқ. Өйткені, Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық жағдайы әлемнің құрамдас бір бөлігі. Сондықтан әлемде қандай қиын жағдай болса, Қазақстанда да сондай жағдайы орын алады», - дейді саясаттанушы.

Сондықтан, осы мәселелерге қатысты қоғам белсенділері нақты ұсыныстарын айтып, пікір білдіру үшін партия жақтастарының лигасы құрылып отыр.

«Осы тұрғыда көкірегі ояу азаматтар  әлеуметтік-экономикалық қоғамдық саяси процестерге өз көзқарастарын білдіру туралы шешім қабылдап отыр.  Азаматтарымыздың ойынша, демократия біздің елде қалыптасуы керек. Дегенмен, осы демокартияға деген ұмтылыс біздің елде мемлекетіміздің іргетасына зиянын тигізбеуі керек. Біздің негізгі принципіміз: бірінші – мемлекет, екінші – мемлекеттің атрибуты ретіндегі демократия», - дейді Сайыров. 

Ерлан Сайыров атап өткендей, жақтастар лигасының ең негізгі прицинпі – демократияны жақтау, елімізде халықтық мемлекет болу керек деген ұстанымды алға тарту.

«Бірақ осы процестердің барлығы даму жолымен, бейбіт жолмен және конструктивті жолмен жүруі керек. Бұл – біздің ең негізгі мақсатымыз. Осы тұрғыда Лига үш бағытта жұмыс істейді», - деп хабарлады ол.

Ол бағыттардың біріншісі – әлеуметтік әділдік, екіншісі – қоғамдық-саяси трансформация және үшіншісі – экономикалық өрлеу.

«Кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде «Nur Otan» партиясы жариялаған праймерізді қатаң қоғамдық бақылауда ұстау тетіктерін жасауды қолға аламыз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары