Ақылбек Күрішбаев Сенат депутаттығына ұсынылды
Ол қазір Қазақ агротехникалық университетінің ректоры
Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиянда мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Ақылбек Күрішбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
«Кезектен тыс сессия отырысының қорытындысы бойынша елордалық мәслихаттың депутаттық корпусы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты ұсынуға дауыс берді және тиісті шешім қабылдады»,- делінген елорда мәслихатының ресм парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы қазан айында сайланған ПарламентіСенаты депутаттарының өкілеттігінің конституциялық мерзімінің 2020 жылдың қазан айында аяқталуына байланысты, биыл 12 маусымда ПрезидентіЖарлығымен Сенат депутаттарының кезекті сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалды.
Ақпарат үшін: Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, 1961 жылы туған, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, Ресей ғылымдары академиясының академигі, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының V және VI шақырылымының депутаты. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі.