17.06.2020, 05:52
Саясат
Қазақ-өзбек арасындағы су шаруашылығы тағы пысықталды
Екі ел министрлері онлайн-кездесу өткізді
Бүгін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
«Бірқатар маңызды су шаруашылығы тақырыптарын талқыладық, онда Қазақстанның оңтүстік өңірлерін вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлдік. Екі жақты ынтымақтастықтың тиімділігін одан әрі арттыратын боламыз»,- деп атап өтті М.Мырзағалиев Twitter парақшасында.
Бұдан бұрын Қазақстан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының техникалық аудитіне қатысатыны хабарланған.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады