$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Теңізге шығар жолы жоқ»: Тоқаев БҰҰ-ның дамушы елдерге арналған конференциясына қатысады

Оны «Аваза» конгресс-орталығында Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды

«Теңізге шығар жолы жоқ»: Тоқаев БҰҰ-ның дамушы елдерге арналған конференциясына қатысады
Фото: Ақорда

Кеше хабарлағанымыздай, Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барған еді. Бүгін конференцияның алдында оны «Аваза» конгресс-орталығында Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды», - деп хабарлайды Ақорда.

Серіктес жаңалықтары