03.08.2025, 14:54
Саясат
Тоқаев пен Антониу Гутерриш Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығына барды
Антониу Гутерриш Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен келген еді
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Бүгін мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады