02.08.2025, 10:37
Саясат
Тоқаев БҰҰ конференциясына қатысады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Жиын Түрікменстанның Аваза қаласында өтеді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы