$ 526.5  611.64  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Ол зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», – делінген хабарламада.

Техастағы су тасқынынан 50-ден астам адам қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемінде 50 адам көз жұмды. Мамандар бұл – штат тарихындағы ең ауыр табиғи апаттардың бірі екенін айтады.

Төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм оқиға орнына арнайы ұшып келді.

«Қазір Керр округінің бірнеше елдімекенінде төтенше жағдай жарияланды. Ұлттық метеорологиялық қызмет бұл аудандарды жоғары қауіп аймағына енгізді», – деп мәлімдеді ол.

Шұғыл әрекет ету шаралары

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт апат салдарын жою үшін барлық қолжетімді ресурсты жұмылдырғанын хабарлады.

«Біз Ұлттық гвардияны, құтқарушыларды, медициналық қызмет пен еріктілерді іске қостық. Бар күшімізбен апат салдарын жоюға тырысып жатырмыз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары