05.07.2025, 17:26
Саясат
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
Ол 85 жасқа толды
Фото: nazarbayev.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Ттқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.
«Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен», – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)