$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қошанов күзде жасанды интеллект туралы парламенттік тыңдау өткізуді ұсынды

Ол Мәжілістегі салалық комитетке тапсырма берді

Қошанов күзде жасанды интеллект туралы парламенттік тыңдау өткізуді ұсынды
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов күзде жасанды интеллект туралы парламенттік тыңдау өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жасанды интеллектіге қатысты премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалдан кейін өз пікірін айтқан Ерлан Қошанов депутатты қолдай отырып, күзде парламенттік тыңдау өткізу керек деген ұсынысын айтты.

«Бұл шынымен өте өзекті сұрақ. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы елімізде жасанды интеллектіні дамыту және енгізу жөніндегі жұмыстарды жеке өзі бақылап отырады. Үкімет үлкен жұмыс істеп отыр. Салалық министрліктің де атқарған жұмысы қыруар. Соның ішінде біз, Мәжіліс депутаттарды да маңызды қадам жасадық», - деген ол депутаттар жасанды интеллект туралы заң жобасына бастамашы болғанын еске салды.

Ендігі жұмыс – күзде парламенттік тыңдау өткізіп, шетелдік және отандық сарапшылардың пікірін тыңдау.

«Палата депутаттары бастамашы болған жасанды интеллект туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық. Заң жобасы қыркүйекте екінші оқылымда қаралады. Бірақ, осы заңды жүзеге асырып, енгізудің маңызды екенін ескере отырып күзде үкіметпен бірге парламенттік тыңдау өткізуді ұсынамын. Менің ойымша, қыркүйектің екінші жартысында өткізе аламыз. Жалпы, Парламентте маңызды сарапшыларды, отандық сарапшылар мен мамандарды жинап, парламенттік тыңдау өткізу керек деп ойлаймын. Мәжілістің салалық комитеті парламенттік тыңдауға дайындық жүргізсін деді», - деді Қошанов.

Серіктес жаңалықтары