14.06.2025, 22:02
Саясат
Қазақстан елшісі Украина президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Тапсыру рәсімі ұлттық қорықтың аумағында өтті
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Украинадағы елшісі Төлежан Барлыбаев Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 жыл) ұлттық қорығының аумағында өтті.
«Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды», - деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 11:34
Атырау облысында ер адамды пойыз қағып кетті