$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасын қабылдады

Даррен Вудс президентке алғыс білдірген

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек,  Вудс Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірген.

Кездесу қалай өтті

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сондай-ақ:

  • Аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады
  • Мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды
  • Еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты.

«Даррен Вудс Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді», - деп хабарлайды Ақорда.

Серіктес жаңалықтары