$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты

Бүгін Ахмедабад қаласында ұшақ құлап, көп адам қаза тапты

Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатына байланысты Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

«Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді», - деп жазды Ақорда.

Ұшақ бортында 242 жолаушы болған

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Үндістанның батысында орналасқан Ахмадабад қаласының әуежайының маңында Air India әуе компаниясының ұшағы тұрғын үйлердің үстіне құлаған. light Radar мәліметінше, AI171 рейсі Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған. Бұған дейін ұшақтың Англияның басқа қаласы Бирмингемге бара жатқаны хабарланған болатын.

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, ұшақ бортында 242 жолаушы болған.

Серіктес жаңалықтары