$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үндістанда 242 жолаушысы бар ұшақ құлады

Қаза тапқандар туралы мәлімет белгісіз

Үндістанда 242 жолаушысы бар ұшақ құлады
Фото: istockphoto.com

Үндістанның батысында орналасқан Ахмадабад қаласының әуежайының маңында Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Flight Radar мәліметінше, AI171 рейсі Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған. Бұған дейін ұшақтың Англияның басқа қаласы Бирмингемге бара жатқаны хабарланған болатын.

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, ұшақ бортында 242 жолаушы болған.

Еске салсақ, биыл қаңтарда АҚШ-тың астанасы Вашингтонда болған әуе апатынан борттардағы 67 адам түгелдей қаза тапқан еді. Жолаушылардың арасында АҚШ-та өткен конькимен мәнерлеп сырғанау жарысынан қайтып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар, бұрынғы ресейлік спортшылар Евгения Шишкова мен Вадим Наумов та болған.

Серіктес жаңалықтары