$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев бейресми саммитке қатысу үшін Мажарстанға барады

Президенттің сапары 20-21 мамырға жоспарланған

Тоқаев бейресми саммитке қатысу үшін Мажарстанға барады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті — түркітілдес елдер басшыларының бейресми форматтағы кездесуі. Бұл саммиттерде ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары бірлескен жобалар мен бастамаларды талқылап, өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырады.

2025 жылы 20-21 мамырда Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтетін бейресми саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Мажарстан — ТМҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие ел. Бұл саммит Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, түркі интеграциясының одан әрі дамуына серпін беруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары