$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісін ауыстырды

Президент осы лауазымды атқарған Ғабит Қойшыбаевты лауазымынан босатты

Тоқаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісін ауыстырды
Фото: instagram.com/mr.almas_/

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісін ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Президент бұрын рсы лауазымды атқарған Ғабит Қойшыбаевты қызметінен босатып, жаңа елші тағайындады.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, президенттің жарлығына орай Сергей Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Және Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары