$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Канаданы АҚШ-қа қосылуға шақырды: Трамп жаңа тарифтер енгізді

Трамптың пайымынша, егер Канада АҚШ-тың 54-ші штаты болса жағдай өзгереді дейді

Канаданы АҚШ-қа қосылуға шақырды: Трамп жаңа тарифтер енгізді
Фото: © AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Канадаға АҚШ-тың 51-ші штаты болуды тағы да ұсынды. Сонымен қатар, ол Канададан импортталатын болат пен алюминийге 50% баж салығын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Трамптың бұл шешімі Онтарио провинциясының АҚШ-қа арналған электр энергиясына 25% салық енгізуіне жауап ретінде қабылданды. Сонымен қатар, ол Канаданың АҚШ-тан импортталатын сүт өнімдеріне салынған тарифтерін әділетсіз деп атап, оларды дереу алып тастауды талап етті.

Трамп Канаданың АҚШ құрамына кіруі екі ел арасындағы барлық тарифтерді жоятын тиімді шешім болатынын айтты. Ол Канада өз әнұранын сақтай алатынын және қосылу арқылы салықтардың төмендеп, қауіпсіздіктің арта түсетінін мәлімдеді.

«Канада 51-ші штатқа айналса, барлық тариф пен экономикалық қиындықтар жойылады. Канадалықтардың салықтары төмендейді, олардың әскери және жалпы қауіпсіздігі артады. Солтүстік шекарадағы мәселелер шешіледі, ал ең ұлы және қуатты ел бұрынғыдан да мықты бола түседі», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары