Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Руслан Желдібай бұрын да Ақордада жұмыс істеген

Фото: Ақорда

Бүгін Абай облысының әкімі болып тағайындалған Берік Уәлидің орнына президенттің баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, Руслан Желдібай бұған дейін президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымын атқарған.