Енді қазақстандықтар Мароккоға визасыз бара алады - Бектенов тиісті қаулыға қол қойды
Тиісті құжаттың мәтіні ресми сайтта жарияланған

Енді қазақстандықтар Марокко Корольдігінде бір барғанда 30 күн бойы, жалпы, 180 күн визасыз жүре алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тиісті құжатқа премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім екі ел азаматтарының визасыз жүріп-тұруына мүмкіндік береді.
«Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттар негізінде келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады, бұл ретте әрбір болу кезеңінің ұзақтығы олар келген күннен бастап 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы шарт», - деп жазылған құжатта.