17.02.2025, 16:04
Саясат
Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Руслан Желдібай бұрын да Ақордада жұмыс істеген
Фото: Ақорда
Бүгін Абай облысының әкімі болып тағайындалған Берік Уәлидің орнына президенттің баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, Руслан Желдібай бұған дейін президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымын атқарған.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
