$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«102 депутат Берік Уәлидің кандидатурасын қолдады»: Абай облысы әкімінің орнына тағы кімдер үміткер болған

Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат қолдаған

«102 депутат Берік Уәлидің кандидатурасын қолдады»: Абай облысы әкімінің орнына тағы кімдер үміткер болған
Фото: үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысының жұртшылығына жаңа әкім Берік Уәлиді таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

«Депутаттарға Мемлекет басшысының Абай облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Абай облысы Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевті ұсыну туралы хаты оқылды.  Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді. Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат жақтады. ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары