$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Америка БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығатын болды

Бұл шешім Израильге қатысты қарым-қатынастан туған

Америка БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығатын болды
Фото: BBC

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығуы және Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру агенттігін қаржыландыруды тоқтату туралы жарлыққа қол қояды деген болжам бар. Айта кетейік, бұған дейін Трамп Американың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ неге бұндай шешім қабылдады

Ақ үйдің құжатында кеңестің «өз миссиясын орындамайтыны және адам құқықтарын өрескел бұзатын елдерді қорғайтын органға айналғаны» айтылған. Сондай-ақ, кеңестің Израильге қатысты әділетсіз көзқарасы сынға алынған.

«БҰҰ Адам құқықтары кеңесі Израильге жүйелі түрде әділетсіздік танытып, оны өз отырыстарында негізсіз нысанаға алады», – делінген құжатта.

Трамп әкімшілігінің мәліметінше, 2018 жылы АҚШ кеңестен алғаш шыққан кезде, ұйым Израильді айыптайтын резолюцияларды Сирия, Иран және Солтүстік Кореяға қарағанда көбірек қабылдаған.

Халықаралық ұйымдарға шолу жүргізу

Жарлыққа сәйкес, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио халықаралық ұйымдар, конвенциялар мен келісімдерді талдап, олардың «радикалды немесе АҚШ-қа қарсы ұстанымдарды насихаттайтынын» анықтау мақсатында есеп беруге міндеттеледі. Бұл ретте, ЮНЕСКО-ға ерекше назар аударылмақ.

Израильмен кездесу

Сейсенбі күні Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу өткізеді.

АҚШ алғаш рет 2009 жылы БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің толыққанды мүшесі болды. 2019 жылы Трамп кеңестен шығатынын мәлімдеген болатын. Кейін 2021 жылы президент Джо Байден елдің кеңеспен қайта жұмыс істей бастайтынын хабарлады.

2024 жылдың 16 қазанында БАПОР-дың бас комиссары Филипп Лаззарини халықаралық қауымдастықтың бұл агенттікті қаржыландыруды жалғастырып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта тек АҚШ қаржыландыруды тоқтатқан.

 

Серіктес жаңалықтары