Израиль ХАМАС-пен тұтқындар ауысу туралы мәміленің құпталғанын хабарлады
Кеше екі тарап Газадағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоюға соңғы минуттар қалғанда бас тартқан болатын
Жұмада Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кабинеті тұтқындарды босату туралы келісімнің құпталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін Биньямин Нетаньяху Газадағы соғысты тоқтату туралы келісімге министрлер кабинетінде дауыс беруді тоқтатып тастаған. Оған ХАМАС-тың соңғы минуттарда мәмілеге өзгеріс енгізгісі келгені себеп болды деді.
Жұма күні таңертең оның кеңсесі келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.
Израиль, ХАМАС, АҚШ және Катардың өкілдері Дохада ресми түрде келісімге қол қойды деп хабарлаған Израиль ақпарат көздері.
Еске салсақ, мәміле сәрсенбі күні кешке жарияланды. Келіссөздердің негізгі делдалдары Катар мен АҚШ мұны орындалды деп жариялады. Алайда Израиль тарапы Вашингтонның қысымына қарамастан, бірде-бір мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Газа секторында 15 айға созылған соғыс тоқтайтыны туралы хабарланған болатын.