Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан жазылып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Камалжан Талғатұлы қазір медициналық реабилитацияда

Фото: primeminister.kz

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын коронавирус жұқтырғаны анықталған бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров дертінен жазылып шықты. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінде өткен брифингте ведомства басшысының орынбасары Люмила Бюрабекова мәлімдеді.

«Камалжан Талғатұлы шығарылды, қазір медициналық реабилитацияда. Өзін жақсы сезінеді. Тест теріс нәтиже көрсетті», - деді Л.Бюрабекова.

Айта кетейік, 22 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғанын хабарлады.